Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений

Аудан әкімінің шыршасы

Жаңа жыл — әсіресе балалар үшін асыға күтетін мереке. Мерекелік қойылыммен өріліп, түрлі сый-сияпаттармен толығатын дәстүрлі шырша тойы биыл да ерекше мағынада өтті.Апта сәрсенбісінде шаһарымыздағы аудандық мәдениет үйінде аудагымыздың әкімінің жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылып, барша баланы қызық-қуанышқа кенелтті.
Аталмыш шараға ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған,көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасылардың балалары шақырылыпты. Түрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесіндегі жаңа жылдық костюмдер киген балақайлар алдында кең сахнада мерекелік қойылым өткізілді.
Әкім шыршасы әртүрлі кейіпкерлер қатысқан музыкалық композициямен өріліп, думанға айналды. Сахна төрінде әсем әндер айтылып, көз тартар көрініске толы қойылымдар орындалды.

About the Author

Редактор

Нет комментариев

Добавить комментарий