Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений

Шәкірттерін шыңға бастаған білікті тәжірибелі ұстаз!

Ұстаз деген ұғым біз үшін қашанда қадірлі,қасиетті.Небір дашышпан да қарапайым еңбек адамы ұстаз алдынан өтеді. «Ұстаз болу өз уақыттын аямау,өзгенің уақытын аялау» деп тегін айтпаса керек.Осындай құрметті атаққа кір келтірмей,бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге жұмсаған ұлағатты ұстаздар аз емес.Сондай ұстаздардың бірегейі-қарапайым ұстаздықтан балабақша меңгерушісі қызметтік лауазыма  дейін көтеріліп,осы салада 22 жыл абыройлы еңбек етіп келе жатқан Е. Мұқашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде  бастауыш сынып мұғалімі Жумадилова ОразгульБолатовна.ОразгульБолатовна –бүгінгі таңда  егеменді еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімді  әрі заман талаптарына сай әлеуетті ,жан-жақты  азамат болып қалыптасу  жолында  қызмет атқарып  жүрген еліміздегі  майталман ұстаздардың қатарынан нық орын алатын білікті тәжірибелі,  маман.Мектебімізде жауапкершілігі зор  еңбек жолында ОразгульБолатовнаны біз өз пәнін жетік білетін білімді мұғалім  ретінде танысақ,екінші жағынан, инновациялар мен жаңалықтар  тоғысқан кезінде  ұстаздар ұжымымен  жұмыс істей білетін, мұғалімдерді  алға жетелеп  келе жатқан тәжірибелі ұстаз деп білеміз.2019 жылы Халықаралық Б.Ахметов оқуларында 2-орын, республикалық «Жаңашыл мұғалім-2019» байқауының финалисті, «Білім айнасы» ғылыми-танымдық журналға ашық сабақтың сабақ жоспары жарияланды. Оқушылары Алтынбекова Талшын, Болатова Амира, Шарипов Дильшат  «ПОНИ-2018» халықаралық  байқау жеңімпаздары.ОразгульБолатовна  отбасында адал жар, ардақты  ана, сыйлы  келін бола білді. Әріптесімізді алда келе жатқан  ұстаздар мерекесіментқұттықтай отырып, еңбек жолына әл де  шығармашылық , толағай табыстар мен алдыныздан саналы да салиқалы ұрпақтар шыға беруіне  тілектеспіз. Мен болмасам, сіз барсыз үміт еткен ұрпағым,-деп тұнғыш педагог  Ы. Алтынсарин атамыз нық сеніммен  айтып  өткендей, болашақ ұрпағымыз білімді, шығармашыл болу үшін, тынбай  ізені,еңбектену керек.  Ұрпағымыз саналы болса,болашағымыз жарқын болады. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дегендей әрқашан талмай еңбек етуден жалықпайық

About the Author

Редактор

Нет комментариев

Comments are closed.