Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений

Ұстаздық еткен жалықпас!

Ахметжанова Самал Бахтияровна 1977 жылы Май ауданы,Жұмыскер ауылында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық училищесін 1996 жылы тамамдап. Еңбек жолын Ерсін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде бастады. Еңбек өтілі 21 жыл. Білімі жоғары. Бірінші санатты мұғалім. Жұмыс барысында өзінің пәнін жоғары деңгейде меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін білімді де білікті ұстаз. Самал Бактияровна талапты, мақсатына жете алатын,жауапкершілігі жоғары,арқашан өз шеберлігімен бөлісуге дайын ұстаз. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтарында жаңа технологияларды пайдаланып, заман талабына сай сапалы да терең білім береді. Жұмыс барысында өзін білікті, заман талабына сай жаңа технологияларды жетік меңгерген ұстаз ретінде көрсетті.www.Bilimger.kz.сайтына әдістемелік материал және сабақ жоспарларын салып, әдістемелік тәжірибесімен алмасып, белсенділік танытқаны үшін  Құрмет грамотасымен марапатталды. «ПедагогическиймирКазахстана»Республикалық ақпараттық-әдістемелік журналына «Су – тіршілік көзі» атты сабақ жоспары жарияланды.Алғыс хат. Тұнғыш Президент Елбасы қоры сыйлығының иегері Martebe.kz білім порталы жас ұрпақтың бойына патриоттық рухты сіңіру мақсатында ұйымдастырған «Тәуелсіздік – мәңгіліқ елдің тұғыры» атты республикалық оқушылар байқауына шәкірттерін дайындап, қатысқаны үшін марапатталады.«Білім шыңы-ғылым сыры» журналына өзінің озық іс-тәжірибесін ұсынып, ұстаздық шеберлігін, шығармашылық ізденісін жоғары дәрежеде танытқаны үшін және басылымның сапалық деңгейінің жоғары болуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін грамотамен марапатталды.

 

 

 

 

 

About the Author

Редактор

Нет комментариев

Comments are closed.