Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений

1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні

30 қараша 2020 жылы мектебімізде  1 желтоқсан — тұңғыш Президент күніне орай сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарының мақсаты:  Қазақ  халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы  мағлұмат беру;  Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;  Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік  сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу.

Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен. Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, тұңғыш  елбасымыздың саясатының негізінде  іске асты деп ойлаймын. 

About the Author

Редактор

Нет комментариев

Comments are closed.