Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений

«Асыл жүрек » қайырымдылық акциясы

Ағымдағы  жылдың 22 ақпан-1 науырыз аралығында Алғыс айту  күніне орай  жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында «Асыл жүрек » қайырымдылық акциясы басталды. Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей көпбалы, азқамтылған, жалғыз басты адамдарға, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды – демекші Мектептің Кәсіподақ ұйымына, «Ип Ақжол», «Ип Лаура», «Ип Мужева», «Ип Мухтаров» және сынып жетекшілердің демеушілігімен  азық түліктер алынды. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға  үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!

About the Author

Редактор

Нет комментариев

Comments are closed.